Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат
2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жол...
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің барлық филиалдарында – «Жол бөлімшелерінде» дәстүр бойынша 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай аға буын өкілдеріне арналған түрлі іс-шаралар болып өтті.
Елордалық депо ардагерлерді мерекелік іс-шараға шақырды. Қарт адамдарға теміржолдағы көп жылдық еңбегі үшін алғыс айтылып, зор денсаулық және ұзақ өмір тілеп, сыйлықтар табысталды. Депода есепте – 410 зейнеткер және зейнеткерлік жасқа толғанға дейін машинистер мен машинист көмекшілеріне ҚТЖ төлейтін 64 салалық жәрдемақы алушы. Тараз теміржолшылары зейнеткерлер үшін аймақтың көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырды.
Барлық өңірлерде жас теміржолшылар ел мен саланың дамуына өз үлестерін қосқан зейнеткерлерді құттықтап, алдағы жылдарға зор денсаулық, жақсы көңіл-күй тіледі. Көптеген филиалдарда шахмат, дойбы бойынша турнирлер өткізіліп, мерекелік дастархан жайылды, зейнеткерлерге азық-түлік себеттері табысталды, қарттар үшін айтулы күн мерекелік концертпен аяқталды.
Кәсіподақ пен филиал басшылығының өкілдері жалғызбасты және әсіресе қолдауға, назар аударуға және қамқорлыққа мұқтаж қарттарды үйлеріне барып құттықтады.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС есебінде - 20 мыңнан астам зейнеткер және 2 мыңнан астам салашы бар.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...
2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...
Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...