Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
220 / 23.08.2023 00:00

ҚТЖ тасымалдау көлемінің 40% астамын көмір алады

2023 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша ел ішінде теміржол көлігімен 145,9 млн тонна жүк тасымалданды. Оның ішінде 60 млн тоннадан астамы тас көмір, бұл ҚТЖ желісі бойынша тасымалдаудың жалпы көлемінің 40% құрайды. Қазақстандықтар үшін 41,7 млн тонна көмір жеткізілсе, ал экспортқа – 18,3 млн тонна.

ҚТЖ көмір өндіруші компаниялармен белсенді өзара іс-қимыл жасап, вагондар айналымын қысқартуға және тұрғындар мен ЖЭО-ға кепілдендірілген қатты отынмен қамтамасыз етуге бағытталған сервистер мен қызметтерді ұсынады.

 «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де көмірді үздіксіз және біркелкі тасымалдауды қамтамасыз етудің Жол картасы іске асырылуда. Құжатқа тасымалдарды маршруттау, вагон және локомотив парктерін дайындау жөніндегі іс-шаралар енгізілген.

ҚТЖ-да қатты отын тасымалдарын үйлестіру жөніндегі жедел штаб және өңірлік мониторингтік топтар белсенді жұмыс істеуде. Станцияда, темір жол бөлімшелерінде көмірдің түсуіне, көмір қоймаларында қатты отынның болуына тәуліктік мониторинг жүргізіледі.

Бос және тиелген көмір маршруттарын диспетчерлік бақылау  ұйымдастырылса, бұл вагондар паркін барынша тиімді пайдалануға, инфрақұрылымның өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Күзгі-қысқы кезеңде көмір тасымалдауға «Қазтеміртранс» АҚ-ның 22 мыңға жуық жартылай вагондарын тарту жоспарлануда, бұл өткен жылыту маусымына қарағанда 2 мың вагонға артық.

  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
105 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

19 / 17.05.2024

«ҚТЖ – Жүк тасымалы – Семей бөлімшесі» ЖШС әлеуметтік тұрақтылық бағдарламасы.

Пайдалану жағдайларын жақсартуға және объектілердің сенімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар теміржол инфрақұрылымының тұрақты және қауіпсіз ...

38 / 13.05.2024

Көлік министрлігі Астана қаласының оқушылары үшін Ашық есік күнін ұйымдастырды.

Аталған іс-шара Астана қаласының 9-11 сынып оқушылары үшін «көлік әлемінде: болашақ сіздің қолыңызда» атты атаумен өткізілді. Көлік министрі М. ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер