Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
250 / 14.08.2023 00:00

Қазақстандық машинист-нұсқаушылар біліктілігін арттыруда

Машинист-нұсқаушыларға арналған "Кәсіби шамшырақ" Корпоративтік даму бағдарламасы Астана қаласындағы "ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметкерлерін оқыту және дамыту орталығында басталды.

Іс-шараның ашылуына "ҚТЖ" ҰК" АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов, "ҚТЖ" ҰК" АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева және "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының м.а. Марлен Көкірекбаев қатысты.

          Оқытудың негізгі мақсаты - машинист-нұсқаушылар қызметінің тиімділігін арттыру. Бағдарлама кәсіби және көшбасшылық құзыреттерді дамытуға, "адам факторының" өндірістік процестерге теріс әсерін төмендетуге ықпал ететін білім мен дағдыларды игеруге, машинист-нұсқаушылар институтының жаңа мәртебесін қалыптастыруға, басқарудың озық құралдарын енгізуге бағытталған.

         Төрт күн ішінде локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушылары төтенше және стандартты емес жағдайларда қолданылатын жаңа дағдылар мен әдістерді үйреніп, нақтылыққа жақындатылған жағдайларда әрекет етеді. Машинист-нұсқаушылар локомотив бригадалары үшін техникалық сабақтар өткізетіндіктен, оларға ересектерді оқытудың қыр-сырын (андрагогика), оқыту процесінің әдіснамасы мен құрылымын зерделеуге мүмкіндік беріледі.

Екінші модуль цифрландыру, үнемді өндіріс, ESG және корпоративтік мәдениет, еңбек заңнамасы, стресске төзімділік мәселелерін зерттеуге арналған, ол онлайн форматта өтеді. Үшінші қорытынды модульде тыңдаушылар кейстерді практикалық талдауды, жобаларды қорғауды, қорытындылар шығаруды үйренеді, сертификаттар табысталады.

Үш модульдік оқытудан екі ай ішінде "ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС локомотив бригадаларының 50 машинист-нұсқаушысы өтеді.

 C0121.MP4.07_36_27_48.Still001.jpg

C0135.MP4.07_39_09_08.Still001.jpg

C0136.MP4.07_39_32_07.Still001.jpg

C0140.MP4.07_40_20_30.Still001.jpg

C0152.MP4.07_42_54_00.Still001.jpg

C0153.MP4.07_43_18_47.Still001.jpg

C0181.MP4.07_59_04_16.Still001.jpg

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
34 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

226 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

161 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер