Құрметті әріптестер!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер...
ҚТЖ-да Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жол салу мәселесі бойынша көшпелі кеңес ұйымдастырылып, жоба ауқымы мен іске асырылу барысы талқыланды.
Қазіргі уақытта жер төсемін төгу жұмыстары жүргізілуде, көпірлер салынуда және су өткізгіш құбырлар орнатылуда. Екінші жолдың алғашқы километрлері Сарықұм – Бүйрек аралығына төселді. Тізбекқұрастыру базаларында 145 км астам рельсті шпалдық тор жиналды және төсеуге дайын. Құрылыста қолданылатын темірбетон шпалдары, рельстер және басқа да бұйымдар отандық кәсіпорындарда шығарылады. Жер төсемін толтыруда 18 құрылыс ұйымы жұмыс істейді. 465 бірлік техника және 1000-нан астам жұмысшы жұмылдырылды.
Ауқымды инфрақұрылымдық жобаны іске асыру учаскенің өткізу қабілетін бес есеге өсіріп, өнімнің үздіксіз экспортын қамтамасыз етеді және елдің транзиттік әлеуетін арттырады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...
Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...
Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының тоғыз аймағындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа 50 вагон гуманитарлық көмек ж...