Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
404 / 20.07.2023 00:00

Қазақстаннан Қытайға теміржол көлігімен жүк экспорты 37% өсті

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ҚР мен ҚХР шекаралық темір жолдарының жұмысы қорытындыланды. Қазақстан Қытайға темір жол көлігімен жүк экспортын ұлғайтып жатқаны атап өтілді. ҚР-дан ҚХР-ға 8,3 млн тонна түрлі жүк жөнелтілсе, бұл өткен жылдың алты айынан 37%-ке артық.

Бірінші жартыжылдықта астық жүктерінің экспорты үш есеге, 1 млн тоннаға дейін, металл кені 15%-ке, 4 млн тоннаға дейін, оның ішінде 2,6 млн тонна темір кені өсті, бұл өткен жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 25%-ке  артық. Сонымен қатар 220 мың тонна түсті металдар экспортталып, өткен жыл көрсеткішіне өсім 55% құрады және де 75 мың тонна өсімдік майы (70% - ға).

Қытайдан Қазақстанға жүк импорты 2023 жылғы қаңтар-маусымда 13%-ке, 5,4 млн тоннаға дейін өсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеңіл автомобильдер 13%-ке, құрылыс жүктері - 30%-ке, ал химиялық жүктер-5%-ке көп импортталды.

Елдер арасындағы теміржол көлігімен тасымалдау көлемі 13,7 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ке артық.

Екі елдің шекара маңы станциялары ұжымдарының бірлескен шаралары мен үйлесімді жұмысы Қытаймен шекара өткелдері арқылы теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
195 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

54 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

96 / 22.04.2024

Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жіберді

Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының тоғыз аймағындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа 50 вагон гуманитарлық көмек ж...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер