Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
203 / 20.07.2023 00:00

ҚТЖ-да бірінші жартыжылдық қорытындыланды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да бірінші жартыжылдықтың қорытындысын шығару және 2023 жыл екінші жартыжылдығының негізгі міндеттерін айқындау бойынша кеңес болып өтті.

Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қатысты негізгі өндірістік көрсеткіштерді орындаудың оң динамикасы атап өтілді. Ағымдағы жылдың 6 айында тарифтік жүк айналымы 130,4 млрд. т-км неттоны құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 8,6%-ке жоғары. Транзиттік жүк айналымы 39,1%-ке өсіп, 27,8 млрд.тонна-километр неттоға жетті. Контейнерлік транзит 26%-ке өсті. Қазақстаннан Қытайға экспорттық жүктерді тасымалдаудың өсімі  қамтамасыз етілді. Көлемі 5,7 млн. тоннадан асты. Бұл өткен жылғы деңгейден 27%-ке артық. Жолаушылар айналымы 5,7 млрд жолаушы-км құраса, бұл 2022 жылғы фактіден 1,2% жоғары.

          Есепті кезеңде шамамен 600 км темір жол жөнделді, бұл өткен жылғы кезеңнен 100 км артық. 2023 жылы жөндеу жұмыстарының барлық түрімен 1 126 км магистральді сауықтыру жоспарлануда. Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Жылжымалы құрам паркін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. 36 локомотив, 48 фитингтік платформа және 14 жолаушылар вагоны сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы 139 локомотив, 620 жүк және 50 жолаушылар вагоны жеткізіледі деп күтілуде.

Отырыста қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзғаны үшін тиісті тәртіптік жаза қолданылып, жауапты басшылар лауазымынан босатылды. Өндірістік қауіпсіздіктің нашарлауы алаңдаушылық тудырып отыр. Анықталған ескертулерді жою, өндірістік жарақаттануды азайту, сондай-ақ санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігі атап өтілді.

     Қозғалыс жұмысын күшейту, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, тастап кетілген пойыздар санын азайту бойынша тапсырмалар берілді. Күзгі-қысқы кезеңде әлеуметтік маңызы бар жүктерді (астық, көмір) тасымалдауға сапалы және шаруашылықтарды қысқа дайындау жөніндегі іс-шараларды уақтылы орындауға баса назар аударылды.

   «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

  

 

Поделиться:
Популярные новости
195 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

52 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

94 / 22.04.2024

Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жіберді

Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының тоғыз аймағындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа 50 вагон гуманитарлық көмек ж...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер