Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Бірінші тоқсанның қорытындысы шығарылды
858 / 04.05.2021 00:00

Бірінші тоқсанның қорытындысы шығарылды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесовтың төрағалығымен осы жылдың бірінші тоқсанындағы жүк шаруашылығы жұмысының қорытындысы бойынша селекторлық кеңес болып өтті. Онлайн режимінде оған жол бөлімшелерінің басшылары қатысты. Филиал директорлары өткен тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жоспарларды пысықтап алды.

Селектор барысында теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, пайдалану көрсеткіштерін орындау қорытындысы шығарылды және «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінде мақұлданған трансформациялаудың бес жобасы бастау алғандығы жарияланды.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС басшылығының дамудың бес стратегиялық секторы: клиентке бағдарлану, бәсекеге қабілеттілік, жүйелеу, цифрландыру және кірістілікті (тиімділікті) арттыру бойынша 20 бастамасын іске асыруға ерекше назар аударылды. Негізгі міндеттер қатарында эталонды кәсіпорындарды: үлгілі вагон және локомотив пайдалану деполарын, бөлімшелерін құру бар. Олардың арасында Семей, Өскемен локомотив деполары, Алматы, Атырау вагон деполары және Шымкент, Қостанай жол бөлімшелері бар.

Тасымалдау көлемінің өсуі жағдайында жүк қозғалысында пойыздар қозғалысын ұйымдастыру, маневрлік жұмыстар және локомотивтерге сервистік қызмет көрсету мәселелері стратегиялық болып табылады. Тиімді жұмыс істеу үшін локомотивтер жөнделгеннен кейін қабылдау кезінде сапаны бақылауды арттыру ұсынылды.
Бөлімше басшылары өз сөздерінде ОЭР үлестік шығынын азайту шараларына назар аударды. Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар отынның жану нормаларын есептеудің бекітілген әдістемесін талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша Қанат Көбесов тиісті тапсырмалар берді. Атап айтқанда, ол тәртіпті күшейтуді, теміржолшылардың дайындық деңгейін, ынталылығы мен жауапкершілігін арттыруды талап етті. Бұдан басқа, филиалдар басшылары мен ревизорлық аппарат тарапынан міндетті бақылауды қамтамасыз ету қажет. Жол бөлімшесінің әрбір директоры үшін жеке фокус-міндеттер белгіленген. Олардың орындалуы - «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығының бақылауында.
Поделиться:
Популярные новости
47 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

242 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

241 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер