ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздік...
Қазақстан теміржол желілеріндегі тиеуді қажет етпейтін бос шетелдік вагондар саны 1,6 мың данаға қысқарды.
Бұл «ҚТЖ» ҰК» АҚ ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан шетелдік теміржол әкімшіліктерінің жарты вагондар мен астықтасушы-вагондарды, барлық бос жеке және жалға алынған жабық вагондарды тасымалдауға конвенциялық тыйым салу арқасында мүмкін болды.
Қазақстанда тыйым салынғанға дейін 48,6 мың бос шетелдік вагон болды.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры бірінші орынбасары Қанат Көбесовтың сөзіне қарағанда, жылжымалы құрамның профициті темір жолдың өткізу мүмкіндігіне теріс әсер етеді және де пойыздар қозғалысын баяулатады. Вагондар тиімді тапсырыстарды күтіп ұзағынан тұруы мүмкін. Осыған байланысты, станцияларда айтылған мерзімде және қажетті көлемде жүктерді алып кетуде қиындықтар көретін жүкжөнелтушілер арыздары саны арта бастады.
Қазіргі кезде бос тастап кетілген вагондар саны 47 мыңға дейін кеміді.
Сондай-ақ Алашаңқай станциясы бойынша түсіруді күткен жабық вагондар санының төмендеуі байқалуда. 2020 жылдың 19 желтоқсанындағы жағдай бойынша 185 жабық вагон күту кезегінде тұр, бұл ретте 1 желтоқсанда олардың саны 377 вагон болды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк белгіленген жеріне жеткізілуі үшін пойыздық және маневрлік жұмыстарды жақсартуға бағытталған іс-шаралар бойынша жұмыстар жүргізуде.
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...
Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...