Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚР мен ҚХР арасындағы жүк тасымалы көлемі оң қарқын алуда
681 / 22.12.2020 13:48

ҚР мен ҚХР арасындағы жүк тасымалы көлемі оң қарқын алуда

Осы жылы Қазақстан мен Қытай шекаралық станциялары арқылы жоспарланған 19,5 млн. тонна көлеміндегі жүктер теміржол көлігімен мерзімінен бұрын жеткізілді.

Коронавирус індетінің таралуымен байланысты жағдайдың күрделілігіне қарамастан, екі ел теміржолшылары алға қойған міндеттерді сәтті орындады. 2019 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда жүктерді тасымалдау 11% өскен.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Дәурен Бимов Алтынкөл және Достық шекаралық станциялары ұжымын жоспарды мерзімінен бұрын орындауларымен құттықтады.

«Бұл біз үшін айтулы оқиға. Бұндай көрсеткіштерге халықаралық өткелдердің жұмысын кәсіби қадам мен шебер ұйымдастырудың, сондай-ақ шекаралық кедендің қызметтің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында қол жеткізу мүмкін болды», - деп атап көрсетті Дәурен Бимов.

Сондай-ақ осы жылы шекаралық станциялар теміржолшылары ортатәуліктік жүк пойыздарын алмасу бойынша да рекорд жасады. Сонымен, жазда Достық- Алашаңқай шекаралық өткелі арқылы тәулігіне 18 пойызды беру жүзеге асырылды, ал Алтынкөл- Қорғас шекаралық өткелі арқылы – тәулігіне 8 пойыз. Бұрын Достық – Алашаңкоу шекаралық өткелі арқылы тәулігіне 16 пойыз өткізілсе, ал Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткелі арқылы – тәулігіне 5 пойыз.

Қиын кезеңдерге қарамастан, «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол тасымалдарының бәсекеге қабілеттігі мен тиімділігін арттыру, жүк тасымалдарының үздіксіз тасымалын қамтамасыз ету үшін барлық резервтерді жұмылдыруда. 2021 жылы тасымал қызметін ары қарай дамыту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып, Азия – Еуропа халықаралық қатынасындағы және еліміз ішіндегі жүктер көлемінің артуы үшін жағдайлар, соның ішінде инфрақұрылымдық жағдайлар жасалған. Жүкжөнелтушілермен теміржол тасымалы процесінде туындаған әр түрлі мәселелер, соның ішінде халықаралық мәселелер ынтымақтастықта шешімін табуда. 

Поделиться:
Популярные новости
40 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

236 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

217 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер