Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
КӨМІР ТИЕУ 1 МЛН. ТОННАҒА ТӨМЕНДЕДІ
959 / 26.09.2019 00:00

КӨМІР ТИЕУ 1 МЛН. ТОННАҒА ТӨМЕНДЕДІ

Ағымдағы жылдың жылыту маусымына (2019 жылдың мамырынан бастап тамызына дейін) «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол желісінде көмір тиеу 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млн. тоннаға төмендеді және 30,7 млн. астам тоннаны құрады.

Қазақстандық тұтынушыларға 21 млн. тонна қатты отын тиелсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 900 мың тоннаға төмен. Жылу-электр орталықтарына 18,3 млн. тонна көмір, коммунальдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін 2,7 млн. көмір тасымалданса, бұл 2018 жыл көрсеткішінен 20% төмен.

Төмендеудің негізгі себебі – жүкжөнелтушілерден тапсырыстың болмауы, сондай-ақ олардың көмір тиеуден бас тартуы.

«Жаз айларынан басталған бұндай жағдай күзгі-қысқы кезендегі абыр-дабырды болдырмау үшін біркелкі тиеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермеді. »

Сондықтан вагондарды дер кезінде ұсынуда өзекті мәселелер өрістеуі мүмкін», - дейді «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ тиеу және түсіруді ұйымдастыру департаментінің директоры Саят Бекенов.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жеткілікті көлемде жылжымалы құрамға ие. Қазақстан аумағында 59 мыңнан астам жартылай вагон тіркелсе, соның 55% көмір тасымалдауға жұмылдырылған.

Теміржолшылар жүкжөнелтушілерді, атап айтқанда, ірі көмірөндіру кәсіпорындарын жыл соңына дейін айсайынғы тиеуді 9,6 млн. тоннадан кем есем көлемде қамтамасыз етуге шақырды.

Көмірөндіруші кәсіпорындарға тиеу механизмдерінің істен шығуын болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау ұсынылды.

Жыл қорытындысы бойынша 107,5 млн. тонна тасымалдау жоспарланып отырса, соның ішінде қазақстандық тұтынушыларға – 72 млн. тонна, экспортқа 34,6 млн. тонна.

Поделиться:
Популярные новости
115 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

31 / 17.05.2024

«ҚТЖ – Жүк тасымалы – Семей бөлімшесі» ЖШС әлеуметтік тұрақтылық бағдарламасы.

Пайдалану жағдайларын жақсартуға және объектілердің сенімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар теміржол инфрақұрылымының тұрақты және қауіпсіз ...

69 / 13.05.2024

Көлік министрлігі Астана қаласының оқушылары үшін Ашық есік күнін ұйымдастырды.

Аталған іс-шара Астана қаласының 9-11 сынып оқушылары үшін «көлік әлемінде: болашақ сіздің қолыңызда» атты атаумен өткізілді. Көлік министрі М. ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер