Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қауіпсіздік – басты басымдық
1150 / 29.08.2019 00:00

Қауіпсіздік – басты басымдық

Ағымдағы жылдың 27-28 тамызында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Ақмола филиалы базасында пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша семинар-кеңес болып өтті.

Кеңеске қатысушылар қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін, жылжымалы құрам мен инфрақұрылым нысандарының, тасымалданатын жүктердің сақталуын, жолаушылар денсаулығы мен өміріне төнетін қауіп фактілерін төмендетуге бағытталған және темір жолға енгізілетін ұйымдастыру-техникалық шаралар кешенін талқылады.

«Бүгінде компанияда жаңа қадамдар, принциптер мен құралдар негізінде қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесін дамыту жөніндегі жұмыстар барлық деңгейде жүргізілуде», - деді «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Жақсылық Жұматаев.

Ол қозғалыс қауіпсіздігі корпоративтік мәдениетін дамыту, қызметкерлер құзіреттері мен біліктілігінің жоғары деңгейін ұстап тұру үшін теміржолшыларды арнайы оқыту өткізіліп, стандартты емес жағдайлар кезінде қызметкерлердің дайындығына баға беріліп, оларды ынталандыру шаралары қолданылатындығын атап көрсетті.

Теміржолшылар үшін жергілікті жерде санитарлық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бойынша айлықтар, еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауы жөніндегі конкурстар, озық тәжірибелер мектебі ұйымдастырылған.

Жұмыс процестеріне Өндірістік қауіпсіздік және экологияның корпоративтік басқару стандарттарын енгізу мәселеріне ерекше назар аударылуда.

Сондай-ақ байланыс пен ДОБ құралдарына, тетіктер мен құрал-жабдықтар, жылжымалы құрам, жолдар, барлық теміржол құрылыстарын үнемі жарамдылық жағдайында ұстап тұруға үлкен көңіл аударылуда.

Поделиться:
Популярные новости
28 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

220 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

138 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер