ҚТЖ КӨМІР ҚОРЫН ДЕР КЕЗІНДЕ ТОЛТЫРЫП ОТЫРУҒА ШАҚЫРДЫ

ҚТЖ КӨМІР ҚОРЫН ДЕР КЕЗІНДЕ ТОЛТЫРЫП ОТЫРУҒА ШАҚЫРДЫ

«Қазақстан темір жолы» ҰК" АҚ-да компанияның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің төрағалығымен алдағы 2019-2020 жылғы жылыту маусымына дер кезінде дайындық жүргізу және көмір тасымалын жоспарлау бойынша мәселелер жөнінде отырыс өтті.

Оған энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері, кәсіпкерлер және көмір берушілер қауымдастығы, «Атамекен» ҰКП, ірі көмір өндіруші және энергетикалық кәсіпорындар өкілдері қатысты.

2018 жылы 105 млн. тоннадан астам көмір тиелген, бұл 2017 жылға қарағанда 3%-ға жоғары. Ел ішінде 74 млн. тоннадан астамы тасымалданған, (+ 4%), экспортқа - 31 млн.тоннаға жуық көмір шығарылған. Қазақстанның коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне 10 млн. тонна көмір тасымалданған(+ 8 %).

2019 жылдың 5 айында қатты отын тиелімі 41 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2% кем. Негізгі себеп– ТЭЦ қоймаларында бар қорға байланысты техникалық көмірге сұраныстың төмендеуі. Одан бөлек механизмдердің бұзылуы, тасымалдау құралдарының жарамауынан жүк жіберушілер мен қабылдап алушылардың вагондарды тиеу, түсіру мерзімін қайта-қайта бұзуына жол берілді. Соның салдарында тәулігіне орташа есеппен 70 мыңнан аса вагон немесе шамамен 400 вагон көлемінде тиеу ресурстары жоғалды.

«Тиеу-түсіру операцияларына кететін уақыт шеңбер бағдар жүрісіне кететін уақыттан көп», - деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ атқарушы директоры Нұржан Келбуғанов.

Жылыту маусымының басында әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін теміржолшылар көмірді жазда алып қоюға шақырады. 2018 жылы облыстар мен аудандар бюджетін көмір сатып алуды төртінші тоқсаннан екінші және үшінші тоқсанға қайта бөлу бойынша шаралар жүргізілді. Бұл сызба өз тиімділігін дәлелдеді және жүк тиеу тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, жылжымалы құрам жетіспеушілігін болдырмауға мүмкіндік берді.

Осы жылы мұндай тәжірибе жалғасуы тиіс. Жаз айларында сәйкесінше 7; 8; 9 млн. тоннадан астам жүк тиеу керек. Алайда жүк жөнелтушілердің ағымдағы жылдың маусым айындағы өтініш еткен жүк тиеу көлемі барлығы 6,2 млн. тоннаны құрайды, тиелім тепе-теңдігінің бұзылу қаупі бар.

«ҚТЖ» ҰК"АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қ.Әлмағамбетов әлеуметтік маңызды жүктердің тұрақты жеткізілімін, өңірлердің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тасымал процесінің барлық қатысушыларының іс қимылы реттелген, жұмысы өзара байланысқан болуы маңызды екенін атап айтты.

Жүк жөнелтушілерге жаздың бірінші айынан бастап тиелім тепе-теңдігін қамтамасыз ету, кіреберіс жолдарда вагондар айналымы мерзімін бақылау бойынша ұсынымдар берілді.

Өз кезегінде ірі көмір өндіруші кәсіпорындар өкілдері дәл қазіргі сәтте олардың өнімдерін тасымалдау үшін жылжымалы құрам жеткілікті екенін, барлық мәселелер өңірлер теміржолшыларымен жұмыс тәртібінде шешіліп жатқанын жеткізді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша 106,6 млн. тонна көмір тасымалдау жоспарлануда, соның ішінде қазақстандық тұтынушылар үшін - 72 млн.тонна, экспортқа - 34,6 млн.тонна. Экспорттық тиелім өсімі 18%.

ҚТЖ-да тасымалдауға өтінім берген көлем бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жылжымалы құрам толықтай жеткілікті: 59 мыңнан астам ашық вагонның 55%-ы көмір тасымалына жұмылдырылған.