Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Экологиялық қауіпсіздікке үлес – өзіңнен
1393 / 11.06.2019 00:00

Экологиялық қауіпсіздікке үлес – өзіңнен

Үстіміздегі жылдың 5-6 маусымында еліміздің барлық аймақтарынан келген «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның өндірістік қауіпсіздік және экология қызметінің мамандары Тараз қаласында өткен өндірістің экологиялық қауіпсіздігі және қызметкерлердің жауапкершілігі бойынша семинарда бас қосты.

Семинар барысында теміржолшылар қоршаған ортаны қорғау саласында нормалардың сақталуы, ішкі бақылауды ұйымдастыру және экологиялық талаптардың бұзылуына, тәуекелге бағдарланған жоспарлауға, тиімді мониторингілеуге жауапкершілікті арттыру және экология саласында ашық есептілікке қол жеткізу мәселелері талқыланды.

Дүние жүзінде темір жол көлігі электрлі тартымдық қызметін кең қолдану есебінен, яғни ауаға тасталатын зиянды заттары жоқ және де жерді ауыр металдармен ластамайтындықтан, мейлінше экологиялық таза көлік түрі ретінде танылып отыр.

«Компания табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Техникалық қайта жарақтандыру есебінен қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді төмендету қамтамасыз етіліп отыр. Айталық, тепловоздардың ескі қозғалтқыштарын заманауи едәуір экологиялық таза түріне алмастыра отырып, күрделі жөндеу жүргізілуде. Сонымен қатар теміржолға жетілдірілген сипаттамасы бар жаңа буын локомотивтері келіп жатыр. Кезең-кезеңмен үй-жайларға жаңа жылыту жүйелері мен сужинақтаушы технологиялар енгізілуде», – деп атап өтті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның өндірістік қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Айтым Құрақбаев.

2019 жылдан бері «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық желілік және аймақтық құрылымдық бөлімшелерінде қағаз, пластика, шыны сияқты қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бағдарламасы жүзеге асырылуда, аталған заттарды жинау үшін 200-ге жуық арнайы алаң жабдықталған. Бұл жұмыстар шикізатты екінші рет пайдалануға, көму нысандарына келіп түсетін қалдықтар ағынын төмендетуге бағытталған. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 400-ге жуық бокс бума, 100 бокстан астам пластика және 70-тен астам шыны шығарылған. Сөйтіп, жобаны енгізу нәтижесінде 3,8 млн теңге көлемінде қаржы үнеміне қол жеткізілген.

Сонымен қатар үстіміздегі жылдың 1 наурызынан жыл соңына дейін Жүк тасымалында «Жасыл жұма» экологиялық акциясы өтуде. Бұл акцияның мақсаты – бірте-бірте әрбір қызметкердің санасында экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру, су, отын-энергетикалық ресурстардың мол үнеміне қол жеткізу, сондай-ақ, қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді төмендету екен.

Акцияның бастаушысы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның Өндірістік қауіпсіздік және экология департаменті арнайы жадынамалардың көмегімен теміржолшыларды қарапайым ережені сақтауға шақырып отыр. Яғни, жұмыс күнінің соңында оргтехниканы сөндіріп кету, жарықтың тиімсіз көздерін пайдаланбау, қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау, тағысын тағылар. Яғни, экологиялық қауіпсіздікке үлесті әркім өзінен бастауы тиіс дейді семинарды ұйымдастырушылар.

Семинар соңында Орал, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Илецк, Қызылорда жүк тасымалы бөлімшелерінің және Достық аймақтық телімінің қызметкерлерне экологиялық қауіпсіздікті дамытуға қосқан үлестері үшін мақтау грамоталары табыс етілді. 

Поделиться:
Популярные новости
14 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

15 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

24 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер