Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Темір жолда балалар жарақатының алдын алу жөніндегі үшайлық өтеді
1259 / 28.05.2019 00:00

Темір жолда балалар жарақатының алдын алу жөніндегі үшайлық өтеді

2019 жылдың 28 мамырында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ теміржол инфрақұрылымы нысандары аумағында болу кезінде ережелерді сақтау мәселелері бойынша брифинг болып өтті. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өндірістік қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Айтым Құрақбаев теміржолшылардың жарақаттың алдын алу жөніндегі жұмыстары туралы айтып берді.

2019 жылдың 4 айында локомотив пайдалану депосының машинистері жол үстіндегі бөгде адамдарды басудың алдын алу үшін 880 жедел тежегішті іске қосқан. Соның 10 жағдайында адам басудың алдын алу мүмкін болмады. Үш жағдайда 2002, 2006, 2008 жылы туған балалар өмірлерімен қоштасты.

Қараусыз қалған балалар темір жолды ойын алаңына айналдырып, вагондарға шығып, электр жарақаттарын алып, көз жұмып жатады. Бүгінде құлаққап киген көптеген азаматтар жол бойымен жүріп бара жатып жақындап қалған пойыз дыбысын да естімейді.

Ағымдағы жылдың 4 айында теміржолшылар еліміздің әр өңіріндегі 18 мың оқушы мен 12 мың азаматына теміржол үстінде және нысандарында қандай қауіптер күтіп тұрғандығынан хабардар етті. Кәсіпорындар мен оқыту мекемелерінде бейнерлик көрсетілген 313 әңгімелесу ұйымдастырылды.

ӘТЖК, ІІЖБ қызметкерлерімен бірлесе теміржол бойында болу ережесі туралы 900 тарта түсіндірме әңгімелесулер өткізілді.

Теміржолшылар оқу жылының аяқталуында мектептерде дәстүрлі түрде өткізілетін ата-аналар жиналыстарына қатысады. Сол жерде балалардың ата-аналарына темір жолдың қаншалықты қауіпті екендігі түсіндіріледі. Көлік прокуратурасы мен полиция, БАҚ пен өзге де қатысы бар қызметтер өкілдерін шақыра отырып, Қауіпсіздік мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің 63 отырысы өткізілді.

Жазғы демалыс маусымында темір жолда балалар жарақатының алдын алу бойынша үшайлық өткізіліп, оның шеңберінде толық іс-шаралар кешені ұйымдастырылады.

Оқыту мекемелері темір жолдарға жақын поселкі мен қалаларда мектеп ішіндегі лагерлерде қауіпсіздік сағаттары өткізіледі. Балаларға ойын түрінде темір жолда болуының ережелері түсіндіріліп, мультфильмдер мен бейнефильмдер көрсетіледі.

Теміржолшылар темір жолда мұқият әрі сергек болуға, қарапайым жолда жүру ережелерін сақтауға: теміржол үстін тек белгіленген орындармен, жаяу жүргіншілер көпірімен өтуге шақырады.

Теміржол тіректеріне, вагондар үстіне шығуға, үстінен электр желісі тартылған өзге де инфрақұрылым нысандарына жақындауға тыйым салынған. Электр сымы мен адам арасындағы 2 метр қашықтықта электр доғасы пайда болуы мүмкін. Жоғары кернеулі электр тогы ұрған кезде адамның тірі қалуы мүмкін емес. 

Поделиться:
Популярные новости
10 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

12 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

14 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер