«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2019 жылдың төрт айындағы жұмыс қорытындысын шығарды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2019 жылдың төрт айындағы жұмыс қорытындысын шығарды

Ағымдағы жылдың төрт айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде жүкайналымы 71 млрд тонна-километрді құраса, бұл өткен жылдың сәкес кезеңінен 1% артық. Жүкағының пайдалану жөніндегі жоспар 104% орындалды.

Қаңтар-сәуір айларындағы жүк тиелімі 80 млн тоннаны құрады. Атап айтқанда, тас көмір тиелуі 34 млн тонна, соның ішінде экспорт – 10 млн тонна, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8% көп болса, астық – 4 млн тоннаға (+5%) жеткен.

2019 жылдың сәуірінде жүкайналымы 18 млрд тонна-километрге жетіп, тиелім – 20,5 млн. тонна.

Тас көмірдің 7,6 млн тоннасы (ел ішінде – 5 млн тонна), астық – 812 мың тонна, соның ішінде экспортқа 583 мың тонна тиелді.

Соңғы төрт айда пайдалану қызметінің көптеген сапалық және сандық көрсеткіштері жақсарды. Осылайша, локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2%, локомотивтердің орташатәуліктік жүрісін 2,8%, жұмыс вагонының орташатәуліктік айналым уақытын – 3,6%, вагонның орташатәуліктік өнімділігін 4,9% және ваонның орташатәуліктік жүрісін 4,4% құрады.