Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2019 жылдың 3 айында қазақстан мен қытай арасында 3 млн. тоннадан астам жүк тасымалданды
1185 / 01.04.2019 00:00

2019 жылдың 3 айында қазақстан мен қытай арасында 3 млн. тоннадан астам жүк тасымалданды

2019 жылдың 1 сәуірінде Алматыда «Қазақстан темір жолдары» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов Қытай темір жолдары компаниясы бас директорының орынбасары Ли Вэнсинмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қазіргі қалыптасқан жағдай туралы ақпарат алмасты және теміржол көлігі саласындағы ыңтымақтастықты одан ары дамыту жайын ортаға салды.

2018 жылы ҚР мен ҚХР арасындағы тасымал көлемі 14 млн. тонна шамасында болып, 2017 жылға қарағанда 38% артық болды. Ағымдағы жылдың 3 айында 3,6 млн. тонна тасымалданса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25% артық.

Өткен жылы екі елдің шекаралық өтпелері арқылы контейнерлік тасымал көлемі 593,7 мың ЖФБ (жиырмафунттық баламасы) жетсе, бұл 2017 жылға қарағанда 4% көп. Ағымдағы жылдың 2 айында контейнерлік тасымал 103662 ЖФБ болып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% өскендігін көрсеткен.

Кездесу барысында Қытай-Ресей, Ауғанстан, Орталық Азия елдері, Қытай-Қапқаз/Түркия (Еуропа), Қытай-Иран бағыттарына контейнерлерді тарту жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

2019 жылдың екінші тоқсанында Алашанкоу – Достық, Қорғас – Алтынкөл мемлекетаралық түйіспе пункттері арқылы ҚХР-дан ҚР және керісінше қатынайтын контейнерлер мен вагондардағы жүктер жөніндегі электрондық мәліметтер алмасуды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ келіссөздер барысында қазақстандық астықты арнайы вагондармен қос дөңгелегін ауыстырып Уси станциясына дейін, цистерналармен өсімдік майын қос дөңгелектерін ауыстырып Достық станциясы бойынша темір рудасы мен коксты қос дөңгелектерді алмастыра отырып Баган метталургия зауытына, қытайлық танк-контейнерлер және цистерналармен сығымдалған газ тасымалдарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Келіссөз қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.

Поделиться:
Популярные новости
28 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

220 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

138 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер