«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және «ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және «ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы 2019 жылғы 15 ақпандан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса есептегенде барлық қызмет тұтынушылар үшін дәнді, дәнді-бұршақты дақылдарды (код ЕТСНГ 011-022) және ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін (ЕТСНГ 501-505, 541-542) брутто максималды салмағына қарамастан 20 футтық контейнерлерде және контейнерлер мен вагондардың меншіктігіне қарамастан вагонға жиынтықпен 40 футтық контейнерлерде халықаралық (экспорттық) қатынаста Қазақстан станциясынан Болашақ (пайд.), Сарыағаш (пайд.), Луговая (пайд.), Оазис (пайд.) станциялары арқылы тасымалдау барысында магистральді теміржол желісі қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейіне 0,69 мөлшерінде және локомотив тартымы қызметтеріне 0,80 мөлшерінде төмендеуші коэффициент (индекс) белгіленетіні туралы хабарлайды.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және «ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы дәнді, дәнді-бұршақты дақылдарды (код ЕТСНГ 011-022) және ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін (ЕТСНГ 501-505, 541-542), жаңғақ (ЕТСНГ 054), дәндерді (ЕТСНГ 021-024), шөпті (ЕТСНГ 071) брутто максималды (трафареттік) салмағына қарамастан 20 футтық контейнерлерде және контейнерлер мен вагондардың меншіктігіне қарамастан вагонға жиынтықпен 40 футтық контейнерлерде халықаралық (экспорттық) қатынаста Қазақстан станциясынан төмендегі бағыттарға тасымалдау барысында магистральді теміржол желісі қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейіне 0,69 мөлшерінде және локомотив тартымы қызметтеріне 0,80 мөлшерінде төмендеуші коэффициент (индекс) белгіленетіні туралы хабарлайды:

- Алтынкөл (пайд.)/Алтынколь (пайд.перев.авто.), Достық (пайд.)/Достық (пайд.перев.)/Достық (пайд.перев.авто.) арқылы контейнерлік поездар құрамында және топтық жөнелтумен (20 футтық баламада 10 бірліктен кем емес);

- Құрық-Порт-Экспорт/Құрық-Порт-Экспорт (паром)/Құрық-Порт-Экспорт (перев), Ақтау-Порт (перев., пайд.)/Ақтау-Порт-Паром (Алятқа) арқылы.

2019 жылғы 15 ақпандан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса есептегенде барлық қызмет тұтынушылар үшін.»

Жүк тасымалдау қағидасының 15.9-тармағына сәйкес (СМГС-ға 1-қосымша) вагондардағы контейнерлердің толық жиынтығы бір алушыға бір межелі станцияға жіберілген бірнеше контейнер немесе оларды орналастыру кезінде вагонның техникалық мүмкіндіктерін толық пайдаланылатын бір контейнер (контейнерлердің брутто рұқсат етілген жиынтық салмағы немесе жекелеген контейнерлердің брутто массасының рұқсат етілген үйлесімі немесе жүк көтергіштігі немесе вагонның сыйымдылығы) болып табылады.