Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
 «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын басшылыққа алады
1306 / 11.12.2018 17:38

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын басшылыққа алады

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология саласындағы жауапты қызметкерлері үшін қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша оқыту семинары өткізілді.

Әрбір «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – «Жол бөлімшелері» филиалында өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметтері бар. Оларда 230-дан астам мамандар жұмыс істейді. Олар қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауына ішкі бақылауды жүзеге асырады, ұйымдық-техникалық және профилактикалық шараларды жүргізеді.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас инженері Иван Костыря Ұлттық тасымалдаушы өз жұмысында Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы әзірлеген «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын басшылыққа алатынын атап өтті. «Нөлдік жарақаттанудың» басты тапсырмасы - өндірісте кез-келген жазатайым оқиғаны болдырмау.

- Оның мәні еңбек қорғауды басқару жүйесіндегі барлық іс-әрекеттер өндірістегі жазатайым оқиғаны жоюға бағытталуы керек екендігінде. Өндірістің барлық деңгейлеріндегі қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі, гигиенасы мен әл-ауқаты - осы ауқымды жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады, - деді ол.

Тұжырымдамада жеті алтын ереже қарастырылған, оларды іске асыру жұмыс берушіге өндірістік жарақат алу және кәсіби сырқаттанушылық деңгейін төмендетуге көмектеседі.

Алтын ережелердің қатарында – нақты жұмыс түрлері кезінде денсаулыққа қауіп-қатерлерді анықтау және тәуекелдерді есепке алу бойынша жұмыс, кәсіби дағдыларды дамыту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік және гигиена.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның жұмыс орындары санитарлық-тұрмыстық нормаларға сәйкес ұсталынады. Өндірістік бағдарлама шеңберінде жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында ғимараттар мен құрылыстарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Кептіргіш шкафтары, киімге арналған металл шкафтар, кондиционерлер, микротолқынды пештер, тоңазытқыштар, диспенсерлер, электр шәйнектер сатып алынды.

Зиянды, қауіпті және қолайсыз еңбек жағдайларымен айналысатын қызметкерлер міндетті алдын ала, мерзімді және профилактикалық медициналық тексеруден өтеді.

Жарақатану аймақтарын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Жылжымалы құрамның жұмысшыны басып кетуін алдын алу мақсатында қауіпсіздік белгілерін қоршау және орнату бойынша шаралар қабылдануда.

Филиалдарда тұрақты негізде қауіпсіз жұмыс әдістерін зерттеу және ауа райы нашарлаған кездегі жұмыс бойынша техникалық сабақтар жүргізіледі. Жұмысшылар арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғаныс құралдармен қамтамасыз етіледі.

Поделиться:
Популярные новости
16 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

336 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

48 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер