Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат
2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жол...
Жаңа жолдың ескісімен одан әрі тоғысатын теміржол төсемінің соңғы буыны Жұмыскер станциясында төселді. Осылайша т/ж торабының ең көлемді күрделі жөндеуінің негізгі жұмыстары аяқталды.
Жөндеу жұмыстары 2018 жылдың сәуір айында басталды. Сонымен қатар, жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы тоқтатылған жоқ. Жоспар бойынша биылғы жылы 112 км жол жөнделді. Олардың ішінде Майқайың-Қарасор учаскесінде – 6,7 км, Коржункуль – Уленты – 36,7 км. Еңбекті көп қажет ететін жұмыс 68,7 км жолды жартылай автобұғаттаумен бір жолды Ақсу-1 – Дегелен учаскесінің Май - Дегелең, Май-Жұмыскер аралықтарында өткізілді.
«Темір жол қатынас жолын модернизациялау Павлодар бөлімшесінің учаскелерінде жолаушылар мен жүк пойыздарының қауіпсіздігі мен жылдамдығын арттырады. Бұл, өз кезегінде, біздің бөлімшіміздің жұмысының эксплуатациялық көрсеткіштеріне әсер етеді », - дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – «Павлодар ЖТ бөлімшесі» филиалының директоры Дәулетбек Нығметов.
Д.Нығметов жүргізілетін жұмыстың күнделікті мониторингі жүргізілетінін хабарлады. Материалдарды уақтылы жеткізілуіне ерекше назар аударылды. Павлодар өңірінің барлық теміржолшыларының күш-жігерін шоғырландырудың арқасында күрделі жөндеу жұмыстары сәтті өтті.
Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде «Duomatic» жолдық машиналары кешендерімен, ТІС, төсеуіш крандарымен жер төсемін сауықтыру және алдын-алу шаралары жүргізілді.
2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...
2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...
Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...