ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздік...
«Алматы-1» станциясында жергілікті мамандандырылған колледждердің студенттері белсене қатысқан қауіпсіздік мәселелері бойынша акция өтті.
Теміржолшылар Алматы техника-экономикалық жол қатынастары колледжі мен М.Тынышпаев атындағы Теміржол көлігі колледжінің студенттерін «Алматы-1» станциясының жұмысымен, өндіріс үдерісімен таныстырды..
Акция барысында теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Болашақ теміржолшыларды соңы қайғылы салдарға әкеп соқтыратын ережелердің бұзылуы туралы хабардар етті. Теміржол жолдары аймағында мінез-құлық ережелерін қатаң сақтауға шақыратын арнайы үйретуші роликтер көрсетілді.
«Теміржолдарда 90% соқтығысуда зардап шеккендердің өздері кінәлі. Жолдардағы жарақаттардың басты себебі - азаматтардың рельстерді рұқсат етілмеген жерлерде кесіп өтуі кезіндегі абайсыздығы және алаңғасырлығы», - дейді Алматы-1 станциясының бастығы Асқар Исимбеков.
Статистикаға сүйенсек, теміржолда жарақат алғандардың 20% құлаққаптармен жүреді, локомотивтердің дыбыстық сигналдарын естімейді. Сондай-ақ, теміржол желілерінде ойындар ұйымдастыратын, қауіпті жерлерде селфи жасайтын қызық қуушылардың мінез-құлқы да алаңдатушылық тудырады.
Теміржолшылар үнемі барлық жол бөлімшелерінде алдын-алу жұмыстарын жүргізеді, темiржол желiсiнiң жанында - ерекше қауiптiлiгi бар аумақтарды тұратын барлық адамдарды темiр жолда жүру ережелерiн қатаң түрде сақтауға шақырады.
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...
Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...