Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2018 жылдың ең үздік машинисті Қарағанды депосында жұмыс істейді
1299 / 22.11.2018 14:59

2018 жылдың ең үздік машинисті Қарағанды депосында жұмыс істейді

Қызылорда эксплуатациялық локомотив депосында жыл сайынғы «Жыл  машинисті» салалық байқауының қорытындысы шығарылды.

Финалға бірінші кезеңнің 30 жеңімпазы, теміржолдың барлық өңірлік бөлімшелерінің эксплуатациялық локомотив деполарының машинисттері қатысты.

Байқауға кем дегенде бір жыл тәжірибесі бар және жыл бойы пойыздық және маневрлік жұмыстарда ақау жібермеген кез-келген біліктілік санатының машинистінің  қатысуына рұқсат етілді. Байқаудың соңғы кезеңі тестілеу жолымен үш кезеңде өтті. Байқауға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның Тартқыш жылжымалы құрамды пайдалану департаментінің 1-ші деңгейлі бас менеджері Болат Ибадуллаевтың төрағалық етуімен қазылар алқасы бақылау жасады.

- Байқауға қатысушыларды бағалаудың негізгі өлшемі – олардың төмендегі негізгі нормативтік құжаттар бойынша техникалық білімі: Техникалық пайдалану ережелері, Пойыздардың қозғалысы мен маневрлік жұмыстар бойынша нұсқаулық, Дабыл беру және байланыс бойынша нұсқаулық, Жылжымалы құрамның тежегіштерін пайдалану бойынша нұсқаулық, локомотивтік бригадалардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-қимылдарының тәртібі туралы бұйрық және басқалары. Байқау машинистердің жоғары білім деңгейін, олардың біліктілігін арттыруға, өз бетінше білім алумен айналысуға деген ұмтылысын көрсетті, - деді қазылар алқасының төрағасы.

Үшінші буындағы теміржолшы, Қарағанды эксплуатациялық локомотив депосының машинисті Антон Старчук 2018 жылдың Ең үздік машинисті атанды.

Оған байқау жеңімпазының Дипломын, «Құрметті локомотив машинисі» төс белгісін, естелік сыйлық (ұялы телефон) табыстады. Сондай-ақ, жыл машинисті байқаудың ауыспалы кубогын алды.

Жыл сайынғы кәсіби байқауда Қостанай эксплуатациялық локомотив депосының локомотив машинисті Сергей Болбат  екінші орын алды. Үшінші орынды Курорт-Боровский эксплуатациялық локомотив депосының локомотив машинисті Алексей Скорик иеленді. Оларға Мақтау қағаздарын, «Құрметті локомотив машинисі» төс белгісін, сондай-ақ естелік сыйлықтар (ұялы телефондар) табысталды.

Сонымен қатар, байқау жеңімпаздары жүлделі орындарына байланысты қомақты сыйақыларға ие болды.

Байқау пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін, локомотив машинисті кәсібінің беделін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Салалық жарыс алғаш рет 2006 жылы өткізілген болатын.

Поделиться:
Популярные новости
204 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

343 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

338 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер