Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Павлодарлық теміржолшылар әлеуметтік маңызы бар жүктерді мерзімдерде жәге бекітілген көлемде тасымалдауды қамтамасыз етеді.
1166 / 02.11.2018 09:53

Павлодарлық теміржолшылар әлеуметтік маңызы бар жүктерді мерзімдерде жәге бекітілген көлемде тасымалдауды қамтамасыз етеді.

2018 жылдың 2 қарашасында Павлодар қаласында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның Павлодар филиалының директоры Дәулет Нығметовтың қатысуымен ағымдағы жылдың 10 айы аралығында әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау қорытындысы бойынша брифинг өтті.


Павлодарлық теміржолшылар 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында 66 млн. тоннадан астам жүк тасымалдады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ға артық. Жалпы жүктеменің негізгі үлесі көмірге келеді.


«Жыл басынан бері біз 55 млн. тоннадан астам қатты тұрмыстық отын тиедік, оның ішінде республика ішінде 41 млн. астам тонна тасымалданды. Соның ішінде ЖЭО мекен-жайына - 38 млн. тоннадан астам, бұл өткен жылғыдан 5 млн. Жалпы алғанда, бөлімшелер бойынша көмір тиеу өткен жылмен салыстырғанда 1 млн. 810 мың тоннаға артты», - деді Д.Нығметов.


Павлодар облысында Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының электр станцияларына жеткізілімдерді жүзеге асыратын бірқатар ірі көмір разрездері орналасқан. Павлодар ЖТ бөлімшесінің шекарасында орналасқан Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларындағы ЖЭО, ГРЭС үшін жыл басынан бері 24 млн. тоннадан астам көмір жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 7 пайызға жоғары.


«Бүгінгі күні жылу беру маусымына өңірлік ЖЭО-ның қоймаларында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен нормативтен 1,5 есе жоғары көмір қоры құрылды», - деді Д.Нығметов.


2018 жылдың 10 айында астық тиеу 357 мың тоннадан асты, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 163 мың тоннаға артық. Қаңтар-қазан айларында 70 мың тонна ұн және тартылған өнімдер тиелді, бұл 2017 жылғы көрсеткіштерден 19 мың тоннаға артық.


Д.Нығметов жылжымалы құрамды тиімді пайдалануға әсер етуші себептерге тоқталды. Бұл, ең алдымен, жүк жөнелтушілердің жүк операциялары кезінде вагондар айналымының нормаларын сақтамауы.


«Жыл басынан бері Павлодар ЖТ филиалы бойынша 98 мыңнан астам вагонға жүк тиеу ресурсы жоғалтылды, оның көмегімен біз 6 млн. тоннадан астам әртүрлі жүктер тасымалдай алар едік», - деді Павлодар жол бөлімшесінің басшысы.


Д.Нығметовтың айтуынша, вагон паркін тиімді пайдалану, тасымалданатын жүктер көлемінің біркелкі үлестірілуі, келісімшарттық міндеттемелерде уақтылы тиеу және түсіру үшін жүк жөнелтуші мен жүк алушының жауапкершілігін бекіту  әлеуметтік маңызы бар жүктердің үздіксіз және уақытылы тасымалдауларына ықпал етеді.


«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да көмір мен астықты тасымалдау бойынша Штабтар жұмыс істейді. Жүк жөнелтушілердің өтініштерін қамтамасыз ету, вагондар айналымын орындауға күн сайын бақылау жүргізіледі. ЖЭО мен ГРЭС қоймаларында қатты отын қалдықтарының мониторингі жүргізіледі. Павлодар жол бөлімшесінде жедел топтардың тәулік бойғы жұмысы ұйымдастырылды.


«Тасымалдау үрдісінің барлық қатысушылары әлеуметтік маңызы бар жүктерді уақтылы жөнелтуді ұйымдастыру үшін бар күш-жігерлерін салу қажет. Павлодар облысының теміржол қызметкерлері әлеуметтік маңызы бар жүктерді уақтылы және жоспарланған көлемде тұтынушыларға үздіксіз жеткізуді көздейді», - деп түйіндеді Д.Нығметов.


«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
4 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

204 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

67 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер