Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ҰК» АҚ ЖЕЛІЛЕРІ БОЙЫНША 2018 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ ЭКСПЛУАТАЦИЯЛЫҚ ЖҮК АЙНАЛЫМЫ 8,2%-ҒА АРТТЫ
1359 / 04.09.2018 14:23

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ЖЕЛІЛЕРІ БОЙЫНША 2018 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ ЭКСПЛУАТАЦИЯЛЫҚ ЖҮК АЙНАЛЫМЫ 8,2%-ҒА АРТТЫ

«ҚТЖ» ҰК» АҚ желілері бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 2018 жылдың 8 айында 144,9 млрд тонно км неттоны құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға көп.

Жыл басынан бері 166,6 млн тонна жүк тиелген, бұл өткен жылға қарағанда 6,7%-ға артық. Соның ішінде темір кені(11,8%), түрлі –түсті кен(7,3%), химиялық тыңайтқыштар(12,4%), құрылыс жүктері(17%) тиелімі өскен.

ҚР облыстық әкімдіктері тұтынушыларының мекенжайына коммуналдық-тұрмыстық көмір тиеу өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5%-ға көбейген. Жыл басынан бастап 7 млн тонна астық тиеліп, бұл былтырдан 46%-ға көп болды, оның 5,3 млн тоннасы экспортқа жөнелтілген, ол 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,9 есеге көп. Бұл ретте экспорт үшін негізгі бағыттар болып Орталық Азия елдері (48%), Ресей(16%),Иран(15%) қалып отыр.

Сонымен бірге қаңтар айы мен тамыз аралығында ұн мен тартылған ұн өнімдерінің тасымал көрсеткіші артты: ағымдағы жылдың 8 айында 2,1 млн тонна ұн тиелген, бұл жоспардағыдан 7%-ға, ал өткен жыл көрсеткішінен 2%-ға көп. Экспорттық бағытта 1,6 млн тонна ұн тасымалданып, бұл өткен жылғы көлемнен 2%-ға артық болды.

Қырғызстан(46%), Өзбекстан (8%), Қытай(2%) және Болашақ станциясы (13%) теміржолдарындағы шекаралық өткелдер арқылы импорт тасымалының артқаны байқалды.

Экспорттық бағыттағы жүк тасымалының көлемі 53,4 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артты. Экспорттың анағұрлым жоғары өсімі Қытай(60%), Өзбекстан(33%), Түрікменстан(2 есе) шекаралық теміржол өткелдерінде анықталды. Ақтау теңіз порты арқылы жүк жөнелту көлемі 2%-ға өсті.

Қазақстан аумағы арқылы 2711 контейнерлік пойыз жүріп өткен. Олардың 1056-сы Қытай-Еуропа бағытында жүрген, бұл өткен жылдан 1,4 есеге көп. Ал керісінше бағытта 784 пойыз қатынап, 1,8 есеге көбейген. Бұл ретте бұрынғыдай негізгі өсім Ченду-Достық-Лодзь бағытында болған.

Жыл басынан бері 10 миллиардтан астам жолаушы-километрді құраған жолаушылар тасымалы да артып отыр.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
188 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

34 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

49 / 22.04.2024

Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жіберді

Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының тоғыз аймағындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа 50 вагон гуманитарлық көмек ж...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер