Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1319 / 18.06.2018 19:46

«ҚТЖ» ҰК» АҚ №9 «АСТАНА-АЛМАТЫ» ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНДАҒЫ ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ТИІСТІ БАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

18 маусымда Жамбыл жол бөлімшесінің Шу станциясында «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев, ҚР ИДМ Көліктерді бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев, № 9 «Астана-Алматы» жолаушылар пойызының жолдан шығып кетуіне қатысты оқиға бойынша журналистермен брифинг өткізді. Сондай-ақ, брифингке Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері де қатысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев зардап шеккендерді қолдаудың барлық мүмкін шаралары жасалып жатқандығына тоқталды.

Қазақстан Республикасы заңнамасы бекіткен төлемдерден өзге, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қазалы отбасына 2 миллионнан астам теңге, зардап шеккендерге алған жарақаттарының денсаулығына келтірген залалының ауырлығына байланысты 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін беріледі.

Сондай-ақ, жолаушылар «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «НСК» сақтандыру компаниясымен өткен жылы жасасқан келісім шартына орай тиісті өтемақы ала алады. Сақтандыру компаниясының қосымша өтемақы төлеу мәселесі «ҚТЖ» ҰК» ААҚ-ының ерекше бақылауында тұр.

Қ. Алпысбаевтың айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанынан жедел штаб құрылды. Ол вагондардың жолдан шығып кетуіне қатысты барлық зардаптарды жоюдың шараларын үйлестіреді.

Оқиға болған жерде 9 әртүрлі техникалар мен 300-ге жуық теміржолшы қалпына келтіру жұмыстарын жасауда. Пойыз қозғалысы екінші жолмен жүргізілуде.

Арнайы комиссия оқиғаның себебін сараптауда. Оның нәтижесі қосымша хабарланады.

«Қазіргі кезде жол телімінің инфрақұрылымы техникалық тексеруден өткізілуде. Жылжымалы құрамның инструментарлық өлшемі жасалуда. Сараптау нәтижесі зерделенуде»,-дейді Компания басшысы.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметтік тергеу амалдарын жүргізуде. Соған орай оқиғаның себебі сараланады. Теміржол телімі түгелдей тексеріледі. Локомотивтер мен вагондардың жағдайы тексеріледі. Пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне талап күшейтілді.

Орын алған оқиға бойынша Бас көлік прокуратурасы қадағалауымен құқық органдары қылмыстық іс қозғады.

Брифинг соңында спикерлер БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі


Поделиться:
Популярные новости
108 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

22 / 17.05.2024

«ҚТЖ – Жүк тасымалы – Семей бөлімшесі» ЖШС әлеуметтік тұрақтылық бағдарламасы.

Пайдалану жағдайларын жақсартуға және объектілердің сенімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар теміржол инфрақұрылымының тұрақты және қауіпсіз ...

54 / 13.05.2024

Көлік министрлігі Астана қаласының оқушылары үшін Ашық есік күнін ұйымдастырды.

Аталған іс-шара Астана қаласының 9-11 сынып оқушылары үшін «көлік әлемінде: болашақ сіздің қолыңызда» атты атаумен өткізілді. Көлік министрі М. ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер