Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Компания басшысы құттықтады
1694 / 25.05.2018 18:35

Компания басшысы құттықтады

2018 жылдың 22 мамырында Ұлттық компания жанындағы Консультативтік кеңестің мүшесі Павел Синица 90 жасқа толды. Сала ардагеріне «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті Қанат Алпысбаевтың құттықтау хатын Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Бөріхан Беркімбаев табыстады.

«Құрметті Павел Павелұлы, «Қазақстан теміржолшысы» Ұлттық компаниясы» АҚ жетекшілігі Сізді 90 жас мерейтойыңызбен құттықтайды. Сіздің барлық саналы ғұмырыңыз теміржол көлігімен байланысты. Терең біліміңіз бен корпоративті қызметтегі ой ұтқырлығыңыздың арқасында оператор-ақпараттандырушыдан қозғалыс қызметі басшылығына, Батыс Қазақстан теміржолы бөлімшесі басшысының орынбасары лауазымына дейін жоғарыладыңыз. Әлі күнге дейін жылдар бойы жинаған тәжірибеңізбен аянбай жастармен бөлісіп келесіз», – дей келе Компания басшысы Павел Павловичтің жақсы қасиеттерін атап өтіп, мерейтой иесіне зор денсаулық, қажымас қайрат тілеген екен.

Қарт теміржолшыны Бөріхан Беркімбаевтан өзге, магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Серғали Жайлаубаев пен ардагерлер кеңесінің Ақтөбедегі төрағасы Бошық Қуатов және Павел Синицаның замандасы, ұзақ жылдар теміржол саласында басшылық қызметтер атқарған Марс Ким де құттықтады. Замандастар өткен күндердің қызығын еске алды. Ал, Ақтөбе жол бөлімшесі кадрлар бөлімінің басшысы Үміт Дәуленова теміржолшылар атынан сый-сияпат пен гүл шоқтарын табыстады.

Поделиться:
Популярные новости
21 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

212 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

116 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер