Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Кәсіподақ теміржолшылардың зейнеткерлік жасын 5 жылға қысқартуды ұсынуда
1603 / 13.04.2018 17:39

Кәсіподақ теміржолшылардың зейнеткерлік жасын 5 жылға қысқартуды ұсынуда

ҚР Кәсіподақтар федерациясы теміржол транспортының бірнеше қызметкерлері үшін зейнеткерлік жасын бес жылға қысқартуды ұсынды. Бұл бастаманы көліктік жұмысшылар кәсіподағының төрағасы Оразғали Ахметбаев айтты.

«Қазақстан салалық кәсіби темір жол, автомобиль, су және әуе транспорты жұмыскерлерінің кәсіподағы» ҚБ бастапқы ұйымдары төрағаларының форумында «Зейнеткерлік жас - біздің қызметкерлердің көтеретін мәселелерінің бірі. Өздеріңіз білетіндей, біздің елімізде зейнетке 63 жаста шығады. Сондықтан, ерекше зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін біздің әріптестеріміз әрқашан: зейнетке жеңілдікпен шығуды, жасын азайтуды жасаңызшы деген мәселені қояды. Физиологиялық тұрғыдан 63 жастағы адамның тұтқада тұруын елестетіп көріңізші... Немесе жолдарда күн сайын жұмыс істейтін жолшына... Әрине, бұл физиологиялық жағынан қиын. Сондықтан да біздің жұмысшыларымыз бұл сұрақты әрдайым қояды», - деді Оразғали Ахметбаев.

Ахметбаев атап өткендей, теміржол жұмысшылары қазірдің өзінде кейбір жәрдемақыларды алады.

«Машинисттер мен олардың көмекшілері, 58 жасқа толғаннан соң, өтінімді жаза отырып осы жәрдемақыны ала алады, бұл ең аз дегенде 40 АЕК. Ерлер үшін зейнеткерлік жасты 5 жылға қысқартуды ұсынамыз. Әр мамандықта бұл әртүрлі. Бұл жолшылар, вагон тексерушілері, құрастырушылар, машинистер мен олардың көмекшілері», - деді Оразғали Ахметбаев.

Бүгінгі күні теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі жұмысшыларының Қазақстандық салалық кәсіподағы 13 филиал, 22 жергілікті кәсіподақ, 341 бастапқы ұйымды біріктіреді, олардың жалпы саны шамамен 118 мың адам.

Бүгін Астанада Астанада теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағының бастауыш ұйымдарының республикалық форумы өтіп жатыр. бастауыш ұйымдардың, жергілікті кәсіподақтардың және кәсіподақтың салалық филиалдарының 290 делегаты форум қатысушылары болды.

News.kz

Поделиться:
Популярные новости
21 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

212 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

118 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер