Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жақсының жақсылығын айт..
1733 / 04.10.2017 00:00

Жақсының жақсылығын айт..

Жақсының жақсылығын айт..

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Жабдықтау департаментінің бірінші деңгейлі менеджері Парымбек Сарыбасовты әріптестері «жабдықтау ісінің жүйрігі» деп бағалайды.

Онсыз бүкіл акционерлік қоғамның да, өңірлер бойынша да жабдықтау жұмыстарының қалай жүретінін елестету қиын деседі әріптестері. Былтырдан бері департаменттің тауарлық материалдық құндылықтар бөлімін басқарып отырған өз ісінің маманы оған дейін, яғни Жүк тасымалы құрылғанға дейін «Локомотив» АҚ жабдықтау басқармасында қызмет етіпті. Демек, жабдықтау ісінің танылған маманы.

– Ерекше қасиеті – ол жоспарлаудан бастап логистикаға дейінгі шаруаларды бүге-шігесіне дейін жақсы білетін білгір маман. Дәл осы жабдықтау саласы – оның ең бір сүйікті ісі және осы жағынан оған тең келер маман жоқ. Әрі ол – мықты ұстаз, яғни өзінен кейінгі қаншама жасты тәрбиелеп, үйретіп шығарды, – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өндірісті қамтамасыз ету басқармасының бастығы Бақыт Тәтібекова.

Әріптестері бүгін 3 қазан күні ел ағасы алпыс жасқа толып отырған теміржолшыны туған күнімен құттықтап, «жақсының жақсылығын айт» қағидасымен ізгі тілектерін жеткізді.

Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы мамандығы бойынша инженер-механик болып Жамбыл фосфат зауытында еңбек жолын бастаған екен. Ал теміржолдағы қызметі 2002 жылы басталыпты.

– Адамгершілігі өте жоғары азамат. Қиналғанға қол ұшын беріп, басына іс түскен адамды демеуге елден бұрын ұмтылады. Қандай жағдайда да көмек сұрап барсаң ешқашан «жоқ» демейді, – дейді тағы бір әріптесі, қоғамның өндірістік техникалық департаментінің 3-ші деңгейлі менеджері Жанат Қарабалақызы.

– Бұл кісі АҚ-ның барлық өңірлеріне локомотивке қажет қосалқы бөлшектер жіберу, жұмыс киімі, тағы да басқа қажеттіліктермен қамтамасыз етумен айналысады. Мен оған келесі жылға жоспар берем, соны мінсіз құрастырып, келесі жылдың басына дайын етіп келеді. Бүкіл жұмысының есебін өте жақсы біледі. Біліктілігіне сөз жоқ, – дейді АҚ-ның жөндеуді ұйымдастыру департаментінің бастығы Түктібай Ахметұлы да әріптесінің бағасын беріп.

Көп балалы әке, бүгінде сол балаларынан 15 немере сүйіп отырған абзал ата да екен. Жұмыстан бос кездегі ермегі, сол ұрпақтарының тәрбиесімен айналысу.

«Қазақстан теміржолшысы» газеті

Поделиться:
Популярные новости
65 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

252 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

268 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер