Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1963 / 03.10.2017 17:07

Теміржол көлігімен жүк тасымалы көлемі 11 пайызға артты

«ҚТЖ - Жук тасымалы» АҚ-да биылғы тоғыз айда өткен жылдың сәйкес мерзімі көрсеткішімен салыстырғанда,жүк тасымалы көлемі 11 пайызға артқандығы байқалды.

Биылғы қаңтар қыркүйек айларында барлық негізгі жүк тиеу көлемі - 13,6%, оның ішінде астық өнімдері -17%, ұн өнімдері -16% өскен. Астық өнімдерін экспортқа шығару көлемі 7%, ұн өнімдері – жоспардағыдан 32% артық.

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, экспорттық тасымалы 12 пайызға өсті. Оның ішінде, көршілес мемлекеттерге Қырғызстан (24%), Қытай (19%) және Ресейге (12%) жіберілген жүктер сол елдердің теміржолдарымен тасымалданған.

Осы мерзімде импорттық тасымал көлемі өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 19% жоғары болып отыр. Оның ішінде Қытай (26%), Ресей (19%), Өзбекстан (16%) шекаралық теміржол өткелдері арқылы тасымалданған.

Биылғы тоғыз айда Еуропа-Қытай бағдарындағы контейнерлік жүк тасымалы екі есеге өсті. Сонымен қатар Қазақстан аумағы арқылы ҚХР-Еуропа бағдарындағы транзиттік контейнерлік жүк тасымалдау көлемі 1,6 есеге артқан. Негізгі транзиттік тасымал Ченду- Достық- Лодзь бағдарының үлесіне кіреді.

Жүк тасымалының тасқындай түсуіне Компаниядағы тиімді транзиттік тасымалда қолданылып жатқан заманауи логистикалық әдістер және жүк жөнелтушілер мен сапалы көлік қызметін көрсетушілер қатарының көбеюі әсер етіп отыр.

Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалға қосымша жүк ағындарын тарту мақсатында жеңілдікті тариф саясаты жүзеге асырылуда. Оның ішінде қара металл, тыңайтқыштар, мақта талшықтары, қант қызылшасы, кен топырағы, түсті металл, жеміс-көкөніс,мұнай өнімдеріне қолайлы тарифтік жеңілдіктер қолданылады. 
Поделиться:
Популярные новости
56 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

248 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

261 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер